06
апрель
2023
Қойгелді атындағы орта мектебінде түлекпен кездесу
"Жомарт түлек" жобасы аясында Қойгелді атындағы орта мектебінің мұғалімдері Н.Қалымбетова мен К.Бақтыбаеваның ұйымдастыруымен өткен мектебіміздің түлектері, ауылымыздың ару қыздары, Тараз қаласындағы "Ұстаз" институтының директоры Жолдасова Орынқыз Көпбосынқызы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Мемлекеттік сатып алулар және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері Қайназарова Мақпал Бақытжанқызының қатысуымен "Ұстаздар-ұлы тұлғалар" тақырыбындағы онлайн кездесуге 9-10 сынып оқушылары қатысып, қонақтарға қызықты сұрақтар қойып, балалық шақтарын естеріне түсіріп, көтеріңкі көңіл сыйлады. Мектеп əкімшілігі тарапынан түлектерімізге алғыс айта отырып, біз сіздермен мақтанамыз дегіміз келді.
