Қойгелді атындағы орта мектебі "Жомарт түлек" 1988-2022 жж
2022 жылдың 28 қаңтар күні Қойгелді атындағы орта мектебінде "Жомарт түлек" жобасы аясында Тамды орта мектебін 1988 жылы бітірген түлектермен кездесу болып өтті.Кездесу мектеп директоры Дəурен Садықұлының құттықтау сөзімен басталып, оқушылардың сұрақтарымен жалғасын тапты. Кездесуге келген түлектер мектеп қабырғасында өткен жылдардағы қызықты оқиғаларымен естеліктерімен бөлісті.Өз тараптарынан ұстаздар қауымына алғыстарын айтып, білім алған алтын ұя мектептеріне қаржылай демеушілік жасады.Іс-шара ұстаздар мен оқушылардың əсем əн-жырларымен ұласты. Қойгелді атындағы орта мектеп ұжымы мен оқушылары сіздерге алдағы өмірлеріңізге сəттілік тілей отырып, шын жүректен алғысымызды білдіреміз.