04
октябрь
2022
Қойгелді атындағы орта мектебі
Хабарландыру
Педагогтердің бос лауазымдары бойынша конкурсын жариялау
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің Қойгелді атындағы орта мектебі» отдела образования Кербулакского района төмендегідей бос лауазым бойынша конкурс жариялайды:
• химия пәнінің мұғалімі - уақытша бір лауазым, декреттік орын (16 сағат) бос орнына;
Конкурс жарияланған лауазым атауы: химия пәні мұғалімі - уақытша бір лауазым, декреттік орын (16 сағат) бос орнына;
Конкурсты өткізу орны: Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылы, 080809, Бекболатов улица 15
Контакты телефоны: +7 (6244) 51498.
Электрондық мекенжай: koigeldimektebi@yandex.kz
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің Қойгелді атындағы орта мектебі» отдела образования Кербулакского района.
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім "Enbek.kz" сайтында, инстаграмм , фейсбук әлеуметтік желісінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің Қойгелді атындағы орта мектебі» КММ-нің ресми сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады
Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Негізгі лауазымдық міндеттері: Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. Электронды журналдарды толтырады.
Еңбек ақы төлеу мөлшері: 165 000-180 000 теңге
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл. Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
-жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы;
-педагогтік қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша біліктілік санаты: «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
-компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.
Құжаттар тізімі:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш
(МОН РК 19.11.2021 жылғы № 568 бұйрығы)
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса)
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
Наркологиялық ұйымнан анықтама
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырады және мөрмен расталады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Уақытша бос лауазымның мерзімі: Уақытша декреттік орнына 03.10.2022ж – дан негізі маман жұмысқа шыққанша