Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Қойгелді атындағы орта мектебінде 2019 жылдын 28 -қарашасындаҚамқоршылықкеңесініңкезектен тыс отырысыболыпөтті.
Мектеп директоры Р.С.Асқаров мектептің әр түрлі бағыттағы даму барысы жайлы және келешектегі жоспары туралы айтты.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тәңкібаев Жұмахан Мұқашұлы мектептің ішкі-сыртқы материалдық жағдайымен танысты.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тәңкібаев Жұмахан Мұқашұлымектептің спорт залын, асханасын, жылу қазандығының жұмысымен танысты және сыртқы дәретхананың жағдайымен танысып, кемшіліктерді алдағы уақытта түзету мәселесін талқылады.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тәңкібаев Жұмахан Мұқашұлыөз сөзінде мектептің бір пән кабинетін жабдықтауға көмектесетінін және 1-сыныптағы 31 оқушыға демеуші ретінде жаңа жылдық сыйлықтар әперетінің айтты.
«Мектепке жол» акциясы аясында Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тәңкібаев Жұмахан Мұқашұлыаз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 3 оқушыға ақшалай және киім-кешекпен қамтамасыз етті.
Келешекте республикалық, облыстық жарысқа баратын оқушыларға және оқу-сауықтыру лагерінде демалатын оқушыларға демеушілік жасайтынын айтты.
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Нұрбаев Ержан Әуесбекұлы мектептің футбол алаңын жабдықтау жұмысын көктемде толық аяқтап пайдалануға беретінін айтты.
Мектептегі Қамқоршылық кеңесі мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен байланыста болады.