26
ноябрь
2021
Қойгелді атындағы орта мектебі "Жомарт түлек" жобасы түлекпен кездесу "Жетістіктер тарихы"
Ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыс көлемінде "Жомарт түлек-2021" жобасы іске асырылып отыр. Аталған жобаның мақсаты: өңірден шығып, бүгінде еліміздің əр саласында жетістікке жеткен тұлғалардың өмір жолын жастарға насихаттау, өңір тумаларын туған өлкесінің əлеуметтік мəселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту.Жобаның мақсатын іске асыру барысында Қойгелді атындағы орта мектебінде "Жетістіктер тарихы" тақырыбында жомарт түлек кездесуі өтті.Кездесу кейіпкері- Қойгелді атындағы орта мектебінің 1984 жылғы түлегі, Талас ауданының құрметті азаматы, меценат, кəсіпкер, "Нұр Отан" бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық мəслихат депутаты Тəнкебаев Жұмахан Мұқашұлы. Кездесуге мектеп əкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар жəне арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Кездесу барысында кейіпкер жайлы бейнеролик көрсетіліп, жетістікке жету жолдары туралы мəлімет берілді.Жұмахан аға өз кезегінде оқушылар тарпынан қойылған сұрақтарға жауап берді.Мектеп директоры Дəурен Садықұлы Жұмахан Мұқашұлының жасаған қайырымды істерін айта келе, алғысын білдірді. 

