Жетістіктеріміз » СШ Койгелды
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Қойкелді орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 51498
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістіктеріміз
Қойгелді атындағы орта мектебі "Мағжан оқуларының"аудандық байқау
18
апрель
2022
Қойгелді атындағы орта мектебі "Мағжан оқуларының"аудандық байқау
Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында  республикалық "Мағжан оқуларының" аудандық кезеңі Қойгелді атындағы орта мектепте өткізілді. Байқауға Талас ауданы білім бөліміне қарасты 20 мектептен 60 оқушы қатысты. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылар еңбегін әділ бағалады. Мектебімізден "Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім..." тіл мәдениеті бағыты бойынша қатысқан 10-сынып оқушысы Мекемтас Толқын ІІ дәрежелі, "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" жас дарындар конкурсында
Қойгелді атындағы орта мектебі "Менің Отаным-менің бастамам"атты шығармашылық жоба байқауы
11
апрель
2022
Қойгелді атындағы орта мектебі "Менің Отаным-менің бастамам"атты
Облыстық "Менің Отаныма - менің бастамам" атты шығармашылық жобалар байқауына қатысқан 8-сынып оқушысы Оңалбек Шәкизада "Менің кіші Отаным" номинациясы бойынша байқауға  белсене қатысқаны үшін "Алғыс хатпен" марапатталды. Жетекшісі-тарих пәнінің мұғалімі Тапаева Әлия  
"Мамандық таңдау-ертеңді ойлау" 11-сынып тренинг
07
апрель
2022
"Мамандық таңдау-ертеңді ойлау" 11-сынып тренинг
Қойгелді атындағы орта мектебінің педагог-психологы Б.Қырқымбаева 11-сынып оқушыларының мамандықтар туралы көзқарастарын білу, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында "Мамандық таңдау-ертеңді ойлау" тақырыбында тренинг өткізді.  
1-4 сынып "Наурыз айы туғанда.." іс-шара
07
апрель
2022
1-4 сынып "Наурыз айы туғанда.." іс-шара
Қойгелді атындағы орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында 1-4 сынып жетекшілері  "Наурыз айы туғанда.." атты сынып сағаттарын өткізді.Іс-шара барысында балалар, тұсау кесер, бесікке салу секілді салт-дəстүрлерден көріністер қойып, қол күрес, асық ату, арқан тарту сынды ұлттық ойындарды ойнады.Мереке соңында ата-аналар дайындаған наурыз көжеден дəм татып, əн салып, би биеледі.  
"Армысың, Əз-Наурыз!"  іс-шара
07
апрель
2022
"Армысың, Əз-Наурыз!" іс-шара
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қойгелді атындағы орта мектебінің музыка пəнінің мұғалімі М.Ақыбаеваның ұйымдастыруымен "Армысың, Əз-Наурыз!" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Мектебіміздің өнерлі оқушыларының əн-биінен соң, көпшілік биылғы жылдың наурыз көжесінен дəм татты.  
"Сыйынар ем, Анам деген тәңірге" мерекелік іс-шара
07
апрель
2022
"Сыйынар ем, Анам деген тәңірге" мерекелік іс-шара
Қойгелді атындағы орта мектебінде 8-наурыз халықаралық əйелдер мейрамына орай, нəзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай зор екендігін дəлелдеп, оларға қуаныш сыйлау мақсатында "Сыйынар ем, Ана деген тəңірге" тақырыбымен мерекелік кеш болып өтті.Кештің шымылдығы мектеп директоры Дəурен Садықұлының құттықтау сөзімен ашылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.Əзіханов мектептің ару аналары мен қыздарына арнап əнмен жырдан шашу шашып, көтеріңкі
Қойгелді атындағы орта мектебі
04
апрель
2022
Қойгелді атындағы орта мектебі
Қазақстан Республикасының шеберлері арасында дзюдодан  өткен Республикалық ашық турниріне Қойгелді атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пəнінің мұғалімі Бауыржан Бекұзақов қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Бауыржан ағай көптеген шəкірттер тəрбиелеп, жас жеткіншектерді спортқа баулып жүрген, есімі облыс көлеміне белгілі ұлағатты ұстаз.   Соның дəлелі ретінде Қызылорда қаласында дзюдодан 2007-2008 жəне 2010-2011 жылдары туылған жасөспірімдер арасында "Абай Даулет" жүлдесіне арналған
Қойгелді атындағы орта мектеп
25
февраль
2022
Қойгелді атындағы орта мектеп
Қойгелді атындағы орта мектебінде "Құқықтық білім беру жəне құқық бұзушылықтың алдын алу, оны болдырмау" айлық жоспары аясында директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қалыбекова сынып жетекшілеріне "Құқық бұзушылықтың алдын алу, тəрбие жұмысын құрудағы сынып жетекшісінің рөлі" тақырыбында дəріс сабағын өткізді.
Қойгелді атындағы орта мектеп
25
февраль
2022
Қойгелді атындағы орта мектеп
8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген облыстық М.Мақатаев оқуларында "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды..." номинациясы бойынша Қойгелді атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Бабахан Айдын жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі-Бекұзақов Құрманғазы.  
Қойгелді атындағы орта мектеп
21
февраль
2022
Қойгелді атындағы орта мектеп
Аудандық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Үсіпбек Темірлан математика пәнінен 1-орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Қойгелді атындағы орта мектептен аудандық олимпиадаға қатысқан 22 оқушының біреуі-І орын, төртеуі-ІІ орын, үшеуі-ІІІ орын және бір оқушы "Алғыс хатпен" марапатталды.