18
апрель
2022
Қойгелді атындағы орта мектебі "Мағжан оқуларының"аудандық байқау
Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Мағжан оқуларының" аудандық кезеңі Қойгелді атындағы орта мектепте өткізілді. Байқауға Талас ауданы білім бөліміне қарасты 20 мектептен 60 оқушы қатысты. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылар еңбегін әділ бағалады. Мектебімізден "Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім..." тіл мәдениеті бағыты бойынша қатысқан 10-сынып оқушысы Мекемтас Толқын ІІ дәрежелі, "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" жас дарындар конкурсында 9-сынып оқушысы Байкеңес Даниял ІІ дәрежелі, "Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім" Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша 10-сынып оқушысы Жаңабай Қарашаш ІІ дәрежелі, "Мағжан поэзиясы - метафоралық бейнеде" шығармашылық жұмыс конкурсы яғни метафоралық бейне арқылы сурет салу бойынша 7-сынып оқушысы Сайда Аружан ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.





