Курмашева Несипкул Жайшибековна

Курмашева Несипкул Жайшибековна Талас ауданы Тамды ауылында 22 қыркүйек 1970 жылы дүниеге келген.
1992-1997 жылдары «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институтында оқып, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алған.
1998-2003 жылдар аралығанда Қаратау қаласы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 2004-2011 жылдар аралығында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2004 жылы «Жылдың таңдаулы мұғалімі-2004» байқауының «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» Қалжеш Жарқынбеков атындағы жүлденің иегері; білім саласына сіңірген еңбегі үшін Талас аудандық маслихатының, Жамбыл облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің, Ministry of Education and Scienceнің Құрмет грамоталарымен марапатталан.
2012 жылдан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында әдіснама және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша тренері. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі магистрі.
Несипкул Жайшибековна «Жарқын болашақ – білімді де, білікті ұстаздың қолында» атты облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының жүйелі сарапшысы.
2017 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныптарына енгізілейін деп жатқан «Әліппе» оқулығын /апробацияға арналған жобасы/ сараптамадан өткізу бойынша ҚР БжҒМ жұмыс тобының сараптамалық комиссия мүшесі.