Жолдасова Орынқызы Көпбосынқызы

1976 жылы 22 сәуірде Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1997 жылы Жамбыл университетінде «Қаржы және кредит» кафедрасында ассистент қызметінен бастады. 1998-2007 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Экономика» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент міндеттерін атқарды. Деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін де қатар атқарып жүрді. 2007-2013 жылдар аралығында осы университетінің Ғылыми кеңесінің Ғалым хатшысы қызметі мен қатар 2008-2014 жылдар аралығында «Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2014-2020 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2020 жылдың 1-ші шілде 16 қазан аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлға. 26 қазан 2020 жылдан бастап «Ұстаз» институтының директоры.
Жолдасова Орынкыз Көпбосынқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. Ғылымға сіңірген еңбегі үшін 2008 жылы Жамбыл облысы Әкімінің сыйлығына ие болған, 47-ден астам ғылыми еңбектердің, екі оқу құралдарының және бір монографияның авторы.
Жолдасова Орынкыз Көпбосынқызы Тараз қалалық мәслихатының 7-ші шақырылым депутаты сайланды. Жамбыл облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі-«Әйел және ғылым» секциясының жетекшісі, Жамбыл облысы «NurOtan» партиясы жанындағы мәдениетті және өнерді дамыту сұрақтары бойынша кеңес мүшесі.
Қазақстан Республикасы The presidentінің Алғыс хаттарымен, Ministry of Education and Scienceнің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, ҚР БжҒМ Ұлттық ғылыми –практикалық дене тәрбиесі орталығының «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен, Халықаралық Невада-Семей Антиядролық Қозғалысының 30-жылдық мерекелік медалімен, Жамбыл облысы бойынша «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен наградалған.