07
февраль
2022
"Құқықтық білім беру жəне құқық бұзушылықтың алдын алу, оны болдырмау" айлығының жоспары аясында "Құқықтық тəрбие берудегі ата-ананың жауапкершілігі" тақырыбында 7-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы
Қойгелді атындағы орта мектебінде "Құқықтық білім беру жəне құқық бұзушылықтың алдын алу, оны болдырмау" айлығының жоспары аясында "Құқықтық тəрбие берудегі ата-ананың жауапкершілігі" тақырыбында 7-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы болып өтті.Жиналысқа мектеп əкімшілігі, сынып жетекшілер жəне мектеп инспекторы Ж.Көпжасаров қатысты.Жиналысты мектеп директоры Д.Сатбергенов ашып, ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп инспекторы "Заң бұзушылық неге əкеліп соғады?" атты баяндамасын оқып, ата-аналарды аудан көлемінде орын алып жатқан оқыс оқиғалар туралы мəліметтермен таныстырды.Ата-аналар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

