Қойгелді атындағы орта мектептің ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жататын жұмыстың қадағалауына бракеражды комиссияның анықтамасы
Қойгелді атындағы орта мектептің ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жататын жұмыстың қадағалауына бракеражды комиссияның анықтамасы
Тексерісітің мақсаты:
- Мектеп оқушыларының тамақпен қамтылуы.
- Ыстық тамақ ішу үшін керекті құжаттардың жиналуының қамтамасыздығы.
- Мектеп асханасының жұмыс барысы, санитарлық жағдай.
- Тамақ мәзірінің анықтамасы.
Тексеру уақыты:
Бракеражды комиссия мүшелері:
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Жақсыбеков
ДТІЖО Г.Калыбекова
Мектептің әлеуметтік педагогы Э.Тойшыбекова
Ата-аналар комитеті Ж.Өтжанова
Бастауыш сынып мұғалімі С.Базарбайқызы
Бракеражды комиссия мектеп асханасының тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қадағалау, ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін тиісті құжаттардың жиналуын қадағалау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізеді. Жалпы кешенді модернизациялау жобасына сәйкес мектеп әлеуметтік жағдайына қарай оқушылар уақытында ыстық тамақ ішу жолдарын ұйымдастыру үшін әр сыныптың әлеуметтік ахуалы анықталып, жағдайына қарай көпбалалы, толық емес, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың ата-аналарына тегін ыстық тамақ ішуге құжат жинау ұсынылды. Жиналған құжатқа сай оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Мектеп асханасының жұмысы санитарлық эпидемиологиялық талапқа сай ҚР денсаулық саөқтау Министірінің 2017 жылғы 16 тамыздағы№611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық қағидалары талаптарына сәйкес». Балалармен жасөспірімдерге арналған ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің пайдалану нормасымен нәрлілігінің ұсынылатын мөлшері осы санитарлық ережелердің 7-тарауының 7-қосымшасына сәйкес.
Күн сайын піскен тамақтын тәулікті сынамасы бар. Тәуліктік сынаманы алу медициналық қызметкердің бақылауымен жүргізіледі. Тағам өнімдері аспаздық өндеуді, қоғамдық тамақтандыру объектілеріне арналған тағамдармен аспаздарды дайындау арнайы рецептурада белгіленген талаптарға сайкес.
Піскен тағамды тарату медициналық қызметкер сынама алғаннан кейін жүргізіледі. Мектепте тамақтандырудың сапасы мен ұйымдастырулына бракеражды комиссия мүшелері жауап береді. Оқушылардың басым бөлігі үшінші сабақтан соң тамақтанады.Осы уақытта үзіліс 10 минут, бастауыш сынып оқушылары асханаға сынып жетекшілермен келеді. Биылғы оқу жылында 50 оқушы жалпыға бірдеу міндетті оқу қоры есебінен мектеп асханасына ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Асхана кешкі сағат 17-00-ге дейін жұмыс жасайды. Оқушыларыдың ас мәзірі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай.
Ұсыныс:
- Мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтакмыз етілу жұмыстары қанағаттанарлық деп таңылсын.
- Жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысында ата-аналарды аталған анықтамамен таныстыру ұсынылады.
- Аталмыш анықтамамен педагогикалық ұжымды таныстыру ұсынылады.
Бракеражды комиссия мүшелері:
Директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Ғ.Жақсыбеков
ДТІЖО Г.Калыбекова
Мектептің әлеуметтік педагогы Э.Тойшыбекова
Ата-аналар комитеті Ж.Өтжанова
Мектеп медбикесі Г.Оразбаева
Бастауыш сынып мұғалімі