Есеналиева Жанар Жорабекқызы » СШ Койгелды
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Қойкелді орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 51498
Нашар көрушілер
нұсқасы
Есеналиева Жанар Жорабекқызы
14
февраль
2022

Есеналиева Жанар Жорабекқызы


Филология ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті профессоры Есеналиева Жанар Жорабекқызы 1961 жылы 16 сәуірде Жамбыл облысы Қаратау қаласында өмірге келген. 1968-1978 жылдары Тамды орта мектебінде оқыды. 1980-1985 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінде) филология факультетінің араб бөлімін қызыл дипломға бітіріп, филолог, араб, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы мамандығын алды. 1986-1991 жылдары мен Қазақ ҚСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтында аспирантура бітірді. 1993 жылы Тіл білімі институтында «Абай шығармаларындағы араб және парсы сөздерінің қолдану ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертация қорғады. 1991-1995 Тіл білімі институтының тіл тарихы бөлімінде -кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер қызметтерін атқарды. 1995-2001 жылдары Қазақ Заң университетінің аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2001 жылдан осы уақытқа дейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде 20 жылға таяу жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта Қазақ филологиясы кафедрасында профессор қызметін атқарады. 2010 жылы 26 ақпанда «Құрылымы әртүрлі тілдерге тән типологиялық басымдылық» атты докторлық диссертация қорғады.Ғалым қазіргі уақытта көптеген магистрлік жұмыстарға жетекшілік етумен қатар, ұстаздық жұмысты да жалғастырып келеді. Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі. 

Марапаттары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты», Қазақстан кіші Ғылым академиясының «Мақтау грамотасы», Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық кеңестің «Білім беру саласының үздігі» медалі иегері.

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив