Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі Н.Усенова » СШ Койгелды
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Қойкелді орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 51498
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі Н.Усенова
04
октябрь
2021

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі Н.Усенова

Шығармашылық өмірбаяны


Үсенова Назима Абдіқадірқызы, 1969 жылы 18 желтоқсанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамды селосында туған. Ұлты - қазақ, білімім - жоғары. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Орта мектептең кейін 1989-1994 жылдар аралығында Алматы қыздар педагогикалық институтының «Музыка бөлімін» бітірді. Жамбыл облыстық филармониясында 1994 жылдан бастап әнші болып жұмыс істейді. Ал 2013 жылдан бастап жетекшілік жұмысқа ауыстырылды.

        Облысының мәдениет саласына қосқан үлесім үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен (1995), Тәуелсіздік мерекесінде облыстық мәдениет басқармасының (2000), қала әкімінің «Ең үздік әнші» аталымымен (2006), «Нұр Отан» ХДП Алғыс хатымен (2011), Ұйымдық халықтық тәуелсіз комитетінің «Көшбасшылар» байқауының «Алтын көшбасшы» аталымымен (2012), «Жамбыл-старс» жобасына белсенділік танытқаны үшін облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен (2012), балалар мен жасөспірімдер арасында жастардың шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастырғаны үшін  «Наз» мемлекеттік би театрының қолдауымен «Баян-Сұлу» Шоу балет студиясының  Сертификатымен,  Қазақ хандығының 550 жылдығына орай облыс әкімінің Алғыс хатымен (2015) марапатталды.

2016  жылдан бастап Жамбыл облыстық филармониясында қосымша Кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі төс белгісімен марапатталды (2017). 2018 жылы 21 қараша «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2020 жылы пандемияға байланысты facebook, instagram әлеуметтік желілерінде жеке шығармашылық ән кешін онлайн берді. 

Н.А.Үсенова – әртістердің шығармашылық қабілетін арттыруда, өздік танымдық біліктілігін дамытуда үлес қосып келеді. Сонымен қатар облыстағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Білікті маман. Адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Облыс көлемінде өтіп жүрген концерттік бағдарламалардың жоғары деңгейде   ұйымдастырылуына белсене қатысады.





Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив