Оқу жылын бастау » СШ Койгелды
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Қойкелді орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 51498
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2021

Оқу жылын бастау

Орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және
каникул кезеңдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы №
340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13
тамызда № 21081 болып тіркелді
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-
бабының және Қазақстан Республикасы 14) тармақшасына Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып
тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім
беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы
кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) 2020 - 2021 оқу жылының басталуы - 2020 жылғы 1 қыркүйек;
2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда –
34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының
кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс
күндеріне ауыстырылады.
3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 10 күн (2020 жылғы 5-14 қараша
аралығында), қысқы – 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 қаңтар
аралығында), көктемгі – 12 күн (2021 жылғы 20-31 наурыз аралығында);
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2021 жылғы 8-14 ақпан аралығында).
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі
және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы
тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы
мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив