Әбеков Ғани Садуұлы

Әбеков Ғани Садуұлы 29.02.1976 ж Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамды ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Тамды ауылының орта мектебіне барып, 1992 жылы сол мектепті тәмәмдаған. 1992 жылы М.Х. Дулати атыңдағы университетінің экономика факультетіне оқуға түсіп,1994 жылы өз еркімен оқудан шығып, әскери борышын атқаруға Талдықорған облысы Үш Арал қаласында 2484 Шекара әскери бөліміне барған. 1995 жылы сол әскери бөлімнен Тәжік-Ауған шекарасына әскери ұрыс-қақтығыстарға қатысуға жіберілген. 1995 жылы қыркүйек айында әскери борышын өтеп, Қазақстанға қайта оралып, сол жылы желтоқсан айында Қарағанды облысының ІІД-де қатардағы полицей болып жұмысқа орналасып, бұрынғы оқуын жалғастырып, тәмәмдаған. Қарағанды қаласындағы Қазақстан-Ресей университетінің Заң факультетін сырттай бітірген. 2016 жылға дейін Ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымды басшы құрамдарда жұмыс атқарып, зейнетке шыққан.
Марапаттары: Ішкі істер министірінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының «Best полицей» төсбелгісімен марапатталған.Қазақстан «Республикасының Қылмыстық Іздестірудің 90 жылдығына жарияланған» кітабында үздік «Жедел уәкіл» конкурсының жеңімпазы ретінде еңгізілген. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Тәжік-Ауған әскери ұрыс-қақтығыстарына қатысқан ардагерлер ұйымының төрағасы.