Ертегілер елінде » СШ Койгелды
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Қойкелді орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 51498
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ертегілер елінде
17
январь
2018

Ертегілер елінде

Мектеп алды даярлық сыныбы мұғалімі: Нарқұлова Дариға Тақырыбы: Ертегілер елінде: «Бауырсаққа көмек» Мақсаты: 1. Сауат ашу, математика, қоршаған орта пәндерінен жыл бойы алған білім, білік дағдыларын пысықтау, бекіту. Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар, көлеміндегі сандар, табиғат туралы алған білімдерін жалпылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. 2. Баланың тілін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3. Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Қорытынды бақылау сабағы. Әдіс - тәсілдері: Көркем сөз, сұрақ - жауап, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтеді. Көрнекілігі: Сандар сәулесі, әліпби, ертегі кейіпкерлері, суреттер. Дидактикалық ойындар: «Көршісін ата», «Ретімен орналастыр», «Орныңды тап», «Сөз қуаласпақ». Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика, қоршаған орта. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: психожаттығу «амандасу - сәлемдесу». Арайланып таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы күн, балалар! Қайырлы күн, қонақтар! - Балалар, енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы да бір - бірімізге «қайырлы таң» тілейік. - Балалар, енді орнымызға жайғасып отыра қояйық. - Бәрімізде «Бауырсақ» ертегісін жақсы білеміз. Сол ертегідегі басты кейіпкеріміз, бізге бүгін көмек сұрай келіпті. Ал біздің көмегіміз ол -- қоршаған әлем, сауат ашу, математикадан жыл бойы алған білімдерімізбен көмектесу. - Балалар, бауырсаққа көмектесуге дайынсыңдар ма? - Сабақ барысында, балалар, мен сендерді мынадай фишкалармен ( ертегідегі бауырсаққа ұқсас сурет) марапаттап отырамын, сендер ұпай жинайсыңдар, кімде - кімнің ұпай саны жоғары болса, сол оң нәтиже көрсетпек. 2. Қоршаған әлем: - Атасына, әжесіне қашып жолға шыққан Бауырсақтың алдынан кенет қоян шығыпты. Қоян аш екен, Бауырсақты жемекші, егер біз қоянның шартын орындасақ, ол Бауырсақты босатады. - Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінің белгілері қандай? - Жұмбақтарды шешіп, жыл мезгілдерін атай қояйық. (суреттерін ілу) - Осы жыл мезгілдерін ретімен орналастыр. - Енді күн мезгілдеріне байланысты жұмбақтарды шешейік. - Күн мезгілдерін ретімен орналастыр. - Табиғат дегеніміз не? - Табиғат нешеге бөлінеді? - Бір жылда неше ай бар? Ретімен атап шығамыз. - Бір аптада неше күн бар? Ретімен атап шығамыз. 3. Математика. - Жақсы, балалар, қоянның тапсырмасын тамаша орындадыңдар, ол Бауырсақты босатты. Бауырсақ әрі қарай жүре бергенде алдынан аю кездесті. Аюдың шарты: - 10 көлеміндегі сандарды тура, кері бағытта санап шық - 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 - 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 - 5 - тен 10 - ға дейінгі сандарды өсу ретімен - 8 - ден 3 - ке дейінгі сандарды кему ретімен сана. - Парта үстінде берілген кеспе цифрларды өсу ретімен, кему ретімен орналастыр. -«Көршілерін ата»...... 5......., 2...... 4,..... 8......,....... 6........ «Орныңды тап» ойыны - Аю бал жейтін ожау сатып алған екен, бірақ санын білмей тұр, көмектесейік. Барлығы нешеу? Жасыл ожау - 4, ал сары ожау - 2. ------ 4+2=6 Жасыл ожау нешеу? -------- 6 - 2=4 Сары ожау нешеу? --------- 6 - 4=2 - Кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер қай жерде орналасқан? (оң жақ жоғарыда, сол жақ төменде,....) - Геометриялық пішіндердің айырмашылығы. 4. Сергіту сәті: Жұмбақ есеп. 5. Сауат ашу. - Жарайсыңдар, балалар, аю бізге риза болып Бауырсақты жемей босатып жіберді. Бауырсақ әрі қарай домалады, бірақ алдынан қатігез қасқыр шықты. - Қасқырдың шарты сауат ашудан білімдеріңді тексергісі келеді. - Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? Неше дыбыс бар? - Дыбыс пен әріпті қалай ажыратамыз? - Дыбыстар нешеге бөлінеді? - Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты қалай ажыратамыз? - Енді, балалар, мынадай жұмбақты шешейік: Орман ішінде үйі, Айлы түнде ұлиды жиі. Торай тартуда тапқыр, Таптыңдар ма? Ол -........... Қасқыр. - Қасқыр сөзін буынға бөлейік. Неше буын бар? - Бірінші буында неше дыбыс? - Екінші буында неше дыбыс бар? - Барлығы неше дыбыс естіп тұрмыз? - Неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс естіп тұрмыз? - Енді осы сөзге дыбыстық талдау жасайық. - Кім маған қасқыр сөзінен сөйлем құрап айтады? - Бұл сөйлемде неше сөз бар? Қасқыр орман кезіп жүр. Тақтаға сызбасын сызу. - Сөйлем қандай әріптен басталады? Сөйлемдегі сөздерді қалай жазамыз, сөйлем соңынан не қоямыз? «Сөз қуаласпақ» ойыны 6. Қорыту. - Балалар, қасқыр да бізге риза болып Бауырсақты босатты. Бауырсақ қуанып әрі қарай кетті. Кенет оның алдынан түлкі шықты. Түлкінің шарты: - Бүгін сабақта сендер не істедіңдер? - Оқушылардың жауаптары. - Міне, балалар, біздің сабағымыз аяқталды. Сендер білімдеріңнің, мейірімділіктеріңнің, достықтарыңның арқасында Бауырсақты құтқардыңдар. Бауырсаққа ақылды бол, ата - анаңнан енді қашпа дейміз. - Енді алдарыңдағы ұпайларды санай қойыңдар. Қайсысың сабақта жоғары дәрежені көрсеттіңдер? Д дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Д дыбысының артикуляциясын дұрыс айтуға үйрету.Қайда? сұрағына жауап беретін сөздерге тоқталып,сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою және сол сөйлемге жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Білімділік: • Дыбысты дыбысқа қосып, буынды буынға қосып сөз жасау дағдыларын қалыптастыра отырып тілін,ойлау қабілетін дамыту. Сабаққа деген ынта,ықыласын,қызығушылығын арттыру. Дамытушылығы: • Зеректікке,ұқыптылыққа адалдыққа баулу.Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу. Тәрбиелілігі: Оқушыларды Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, тапсырмалар, әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: суреттер, альфабит, оқулық, сөзжұмбақ Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, табиғат, өсімдіктер Психологиялық дайындық Сабақтың барысы: • 1. Ұйымдастыру кезеңі Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен сәлемдесу 2. Сынып бөлмесін сабаққа дайындау 3. Оқушыларды түгелдеу 4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару Сергіту сәті бір шумақ өлең айту Жаңа сабақты түсіндіру. • Сұрақ-жауап, әңгімелеу, жинақтау,ауызша, жазбаша . • Сөзжұмбақ, кеспе әріптер,әріп таңбасы,текшелер,доп, • домбыра. Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. дегендей білім алуға үлкен мән беретін біздің ел басымыздың айтқандай жақсы оқып еліміздің көркеюіне үлес қосуымыз керек. -Иә, балалар. -Қане ,енді біз өткен сабақта үйренген әріпімізді еске түсірейікші Білім минуты Қ ЫС -А Қ қыс ақ ақ ыс қас А О Р Қ ақ қар қара ор орақ ара Ой қозғау -Балалар, дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыс дегеніміз не? -Дауысты дыбысты қандай текшемен бояймыз? -Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Дауыссыз дыбысты қандай текшемен бояймыз? – Суретпен жұмыс 2+3= 5-3= 2+2=5 2 4 Жаңа сабақ Дд дыбысы мен әрпі Тақтамен жұмыс Дәптермен жұмыс 11 қараша Дд дыбысы және әрпі Сергіту сәті Жел улейді у-у-у Құйын келіп билейді зу-зу-зу Қатты қатты жел соқты гу-гу-гу Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду Шыдай алмай жапырақ ах-ах-ах Билей кетті қалтырап пах-пах-пах Д—–а да да да да-ла да-ра Д—–о до до до до-ға до-да Да-на Да-на Ай-да-на Оқулықпен жұмыс Д- дауыссыз О-дауысты Л-дауыссыз 3 буын,3дауысты, А-дауысты 3 дауыссыз Н-дауыссыз А-дауысты Сабақты қорытындылау. Мектеп алды даярлық сыныбы мұғалімі: Нарқұлова Дариға

Похожие публикации:

12 январь 2018 Жанартау
11 декабрь 2017 Жанартау
05 декабрь 2017 Жанартау
05 декабрь 2017 жанартау
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив